Сауапты іске атсалысайық, ағайын!
Асыл дінімізді насихаттап, халыққа имандылық жолын насихаттауда саналы ғұмырын сарп еткен Құспан ата атындағы Атырау қаласындағы мешіттің халық игілігіне қызмет еткеніне де 60 жылдан астам уақыт өтіпті. Алла үйі осы мерзім ішінде көптеген сауапты іске ұйытқы болып, жамағат үшін біраз іс тындырды.
Бүгінгі күні тозығы жетіп, күйі кетсе де қызметін жалғастыруда. Келушілер санының артып отырғаны шағын мешіттің тар екенін де көрсетіп отыр. Осы орайда зекет-садақа беріп, жаңа мешіттің бой көтеруіне атсалысуға шақыра отырып, құрылысқа көмек қолын созу аса қайырымды іс екенін атап өткіміз келеді. «Көп түкірсе, көл» деген, Сіздей қайырымды жандардан қолдау тапсақ, ескі мешіт орнына заманауи, жаңа мешіт салуды жөн көрдік. Құрылысқа қолдау білдіріп, сауапты іске қол ұшын созам десеңіз, мархабат!
Біздің есеп-шотымыз:
«Ізгі ниет» қоры,
БИН 150740002516
ИИК KZ616390322030000286 KZT
БИК NFBAKZ23
«Delta Bank» АҚ Атырау қаласындағы филиалы.
Құрметпен,
Б.Мансуров,
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі,
«Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы.
Н.Есмұхан,
«Атырау» облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі.