2022 жылғы 5 қаңтар 22 сағат 00 минуттан 19 қаңтар 00 сағат 00 минутқа дейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы территориясында бірқатар шектулер енгізілді.
23 сағат 00 минуттан 6 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат болып белгіленді.
Төтенше жағдай барысында:
– Қоғамдық тәртіпті қорғау, ерекше маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарды қорғау, тұрғындардың өмір тіршілігін қамтамасыз ететін және транспорттардың қызметін қамтамасыз ететін нысандарды қорғау күшейтіледі;
– Атырау облысы территориясында транспорттық қозғалысқа шектеу енгізіледі;
– Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттары, жеке заттары, транспорттық көліктері тексеріледі;
– Атырау облысына кіру-шығу шектеледі;
– Бейбіт шерулерді, көпшілік шараларды, спорттық шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады;
– Ереуілге шығуға тыйым салынады және басқа да жолдармен заңды тұлғалардың қызметін жүргізуіне кедергі жасауға тыйым салынады;
– Қару-жарақ, жарылғыш заттар, арнайы заттар, улы заттар саудасына тыйым салынады, дәрі-дәрмек, есірткі заттары, психотропты заттар, этил спирті, алкогольдік заттар саудасы айналымына ерекше режим енгізіледі;
– Жеке тұлғалардың иелігіндегі қару-жарақтар, улы заттар уақытша тәркіленеді, заңды тұлғалар иелігіндегі қару – жарақ, улы заттар, әскери және әскери оқу-жаттығу техникалары, жарылғыш және радиоактивті заттар уақытша тәркіленеді.