kYhY0INQDJk

Ресей мойындаған ғалым

Жаңалықтар

КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Қажығалиев пен профессор Құбыш Мұхитовтан «домбырада шебер орындаушы, өзіндік қолтаңбасы бар өнер иесі» деп бағасын алған Орынғали Бақтияров жақында халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. 

kYhY0INQDJk

Қайыршақты балалар саз мектебінің директоры, профессор Орынғали Дүйсешұлының ғылыми-педагогикалық салада сіңірген еңбегінің осылай бағалануы да жайдан-жай емес. Ол қазақтың ұлт аспаптар оркестріне сай арнайы өңделген партитураларын, орта және жоғары музыкалық білім ордалары үшін домбыраға арналған пьесаларын, басқа да ғылыми еңбектерін жазды. Оның «Алтынай», «Қамажай» атты кітаптарына енген сазды әуендер домбыраға түсіріліп, фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын шығармалар жинағы Ресейдің бірқатар арнаулы оқу орындарында студенттер үшін әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

Бұған дейін дарынды домбырашы талай мәрте республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. Білім және педагогика саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Даңқы» орденімен, Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, сондай-ақ, «Кәсіподақаралық байланысты дамытуға, кәсіп-одақтың жаңа беделін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған