Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Роза – ұтыс иегері

«Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторы компанияның 25 жылдық мерейтойына орай «Kazpost»-тан сыйлықтар жылы» атты зейнетақы мен жәрдемақы алушылар үшін сыйлықтар ұтысын өткізуде.

Роза

«Сенім» қызметі бойынша зейнетақы және жәрдемақы алуға арналған ағымдағы немесе карточкалық шотты ашқан клиенттер 50000 теңгеден 200000 теңгеге дейінгі сомаға тұрмыстық техниканы сатып алуға арналған сертификаттар ұтып ала алатын болды. Шот ақысыз ашылады, ақшаны қолма-қол Kazpost және Qazkom бөлімшелерінен және банкоматтарынан комиссиясыз алуға мүмкіндік бар екен.

Сыйлықтар ұтысын өткізу бойынша көршілес Махамбет ауданында ойнатылған ұтыста Исатай аудандағы Зинеден ауылының тұрғыны, зейнеткер Роза  Хайыпбергенованың жолы болып, 200000 теңгенің ұтысын иеленді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР,

Исатай ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button