Атыраулық депутат паралимпиадашыға үй сыйлады (+ФОТО)

J8A7557 Жаңалықтар

Atr.kz/18 наурыз, 2019 жыл. Бірнеше  жылдан  бері  пәтер тапшылығын көріп келген Медет Сұпығалиев  ойда-жоқта баспаналы болды. Оған бұл қуанышты Атырау қалалық  мәслихатының  депутаты, өңірге белгілі меценат Әлібек Семғалиев сыйлады.  

– Исатай  ауданының тұрғыны Медет Сұпығалиевтың тағдыры туралы алғаш рет әлеуметтік желіден оқып, мүмкіндігі шектеулі азаматтың қайсарлығына таң қалғанмын. Оның жігері жасымай, отбасын құруы, спорт саласында үлкен жетістікке жетуі көпшілікке үлгі боларлықтай.

Үш  баласымен әр жерде пәтер жалдап, сандалып жүргенін, әрі тұңғышы сирек кездесетін қан ауруына шалдыққанын естігеннен кейін көмек қолын созуды ұйғардым. Бүгін Медетке өзі қалаған жайлы пәтерді сыйға тарттық. Егемен еліміздің тағы бір отбасы жағдайын түзеп, еңсесін көтерді! Мүмкіндік болса жақсылық жасап жарысайық. Қайырымдылық – қанымызда бар қасиет! – дейді депутат.

J8A7560

   Айта кету керек,  Әлібек Семғалиев осыған дейін қиын жағдайға тап болған жалғызбасты көпбалалы әкеге және еліміздің көк байрағын көтеріп, атын асқақтатып жүрген чемпионға баспана сыйлаған еді. 

J8A7555

   1 топ мүгедегі  Медет  Сұпығалиев – үш баланың әкесі. Қол күресінен Қазақстан чемпионы,  Азия ойындарының күміс жүлдегері. Жуырда спорт шебері атағын алған.

J8A7486
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз