Жарнама
Жаңалықтар

Әр күніміз «Атыраусыз» өтпейді

Әр облыстың өз айнасы бар. Мәселен, біздің аймақ тұрғындары «Атырау» газетін алмаса, оқымаса, өзін жайлы сезіне алмайды. Мен де  солардың қатарынанмын. Ондаған жыл бойы облыстық газетпен біргемін.

eac_0001

Атап айтарымыз, газет көтерген қай мәселе де көптің  көкейіне жол тауып, олардың ойымен астасып жатады. Өздерінің мұңын шаққан авторлардың «Атырау» араласқаннан кейін мәселелері шешіліп жатқанының да куәсіміз. Тастанды бала, күтімсіз қария, жұмысы жоқ жас, жағдайы төмен отбасы — осылардың бәрі газет көтеріп жүрген тақырыптар. Бұларға қоса, облыс пен қала басындағы мәдени-көпшілік шаралар да, алыстан ат арытып келіп жататын сыйлы қонақтармен сұхбаттар да газет бетінен көрінбей қалмайды.

Біз алдағы жылы да «Атыраумен» бірге боламыз. Өйткені, ол – біздің тынысымыз, рухани азығымыз.

Қалиса ЕЛЕЖАНҚЫЗЫ,

«Күміс алқалы» ана,

Атырау қаласы.

Related Articles

One Comment

  1. Өз басым атырау газетінің тұрақты оқырманына айналдым. сайттарыныз жумыс жасагалы абден жаксы болды, дами бериниздер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button