Басқа «тілдегі» банктер

IMG 2297 26 01 17 13 09 Жаңалықтар

«Атырау» газетінің сонау 2008 жылғы санында шаһардағы екінші деңгейлі банктерде құжат айналымы тек орыс тілінде жүргізілетіндігі, маңдайшадағы жазуларға назар аударылмайтындығы жөнінде жазылған екен. Содан бері міне, он шақты жыл өтті. Не өзгерді?

IMG_2297-26-01-17-13_09

Атыраудың орталығы саналатын Сәтбаев даңғылымен жүріп келеміз. Қарамайық десек те, банктердің маңдайшасына көзіміз түседі. Өйткені, бәрі де ағылшын тілінде жазылған. Еліміздің «Тіл туралы» Заңында мұндай жазулардың алдымен мемлекеттік, кейін ұлтаралық, ақырында шет тілінде жазылуы тиістігі тайға таңба басқандай анық айтылған. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тойын атап өткенше осы талаптың орындалмауына не себеп?

IMG_2290-26-01-17-13_09

Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» деген-ді. Ендеше, егемендігімізбен бірге қабырғасы қатайып, бұғанасы бекіген ана тіліміздің қадірін қолдан кетіріп алмайық!

Эльнара ОРАЛОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің IV курс студенті.

Суреттерді түсірген: автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз