Жарнама
Жаңалықтар

Есірткімен ұсталған атыраулық полицейлерге қатысты жаңа деректер пайда болды

«Атыраулық екі полицей есірткімен 14 ақпан күні ұсталған» деп хабарлайды Atr.kz

Есірткінің ауқымды бөлігін машина дөңгелегіне жасырып тасымалдамақшы болған полицейлерді әріптестері «Атырау — Доссор» тас жолында ұстады.

Арнайы операцияны Атырау облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері жүргізген.

«Аталған факт бойынша, Атырау облысы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бап, 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады» деп нақтылады Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз-қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Еске сала кетсек, кеше атыраулық екі полиция қызметкерінің ірі көлемдегі есірткімен қолға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button