Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазыдан Зинеден ауылына дейінгі аралықта сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат берілді

Көлік жүргізушілеріне республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолының 778-833 шақырымында сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Бұл Құрманғазыдан Зинеден ауылына дейінгі аралықты қамтиды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық полиция департаменті ППР қызметінің аға инспекторы Ақылбек Хошаевтың айтуынша, бұған дейін жөндеу жұмысына байланысты жылдамдық сағатына 60 шақырым болып бекітілген еді. Исатай ауданының Зинеден ауылынан Құрманғазы ауданына дейінгі арнайы жол белгілері алынып тасталуда. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button