Атырау қаласының 379 жылдығы аталып өтті (+ФОТО)

img 20191006 wa0033 Жаңалықтар

Atr.kz/7 қазан, 2019 жыл. Атырау қаласының күніне орай жаңартылған Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда аталып өткен мерекелік концертті 20 мың көрермен тамашалады. Биыл еліміздің «мұнайлы астанасының» алғашқы кірпіші қаланғанына 379 жыл толуда.  

Отандық және шетел эстрадасының  жарық жұлдыздары көпшілікті әсем әнмен әлдилеп, мың бұралған биімен баурады. Қала тұрғындарын мейрамдарымен құттықтаған шаһар басшысы Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы жүрекжарды лебізі мен игі тілегін арнады.

– Бүгінде  қаламыз қарқынды дамып, ажарлана түсуде, – деді ол. – Бұл, әрине, барлық атыраулықтардың еселі еңбектерінің нәтижесі деп білемін. Барша тұрғындарды қала күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт  пен береке, ынтымақ пен бірлік тілеймін. Мұнайлы астанамыз көркейіп, көріктене берсін!

Сонымен қатар, облыс орталығында әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын демеуші компаниялар мен меценат кәсіпкерлер марапатталды. «Gaz stroy montazh» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ерлан  Табылдиев, ерікті Арман Қасымов, «Жүректен жүрекке» қоғамдық  қорының жетекшісі Гүлбарам арнайы  номинациялармен марапатталды.

Көрермендер алдында аймақтың жергілікті шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік  эстрада жұлдыздары – Ғаділбек Жанай, Ғазизхан Шекербеков, жастар арасында кеңінен танылған «Say Mo» және «Maruv» өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20191006 wa0030
img 20191006 wa0029
img 20191006 wa0038
img 20191006 wa0031
img 20191006 wa0032
img 20191006 wa0034
img 20191006 wa0036
img 20191006 wa0037
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз