Атырауда пойыз билеттерінің ақшасы қайтарылып жатыр

lollvjca4iye Жаңалықтар

Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Бүгінгі мәлімет бойынша жолаушылар тарапынан 2658 поезд билеті тапсырылған.

«Оның құны 19 миллион 254 мың 672 теңгені құрады. Осы сомадан 1 миллион 679 мың 348 теңгенің билеті онлайн-режимде сатып алынған. Қолма қол ақшасыз сатып алынған билет құны жолаушылардың карточкасына аударылуда, – деді Атырау вокзалының басшысы Айбек Қуанышев.

Атырау вокзалында қауіпсіздік, санитарлық тазалық шараларына ерекше маңыз берілуде. Қызметкерлердің барлығы қорғаныш құралдарымен қамтылған. Қоғамдық орында тәулігіне екі рет дезинфекциялық жұмыстар жүруде.

–Әсіресе, біз адамдар көп жиналатын касса орнын, есік тұтқаларын, отырғыштарды әрбір екі сағат сайын жуып, тазалатып отырмыз. Ол жұмыстар өз күшімізбен атқарылуда, – деді Атырау вокзалының басшысы Айбек Қуанышев.

Поезд вагондарының тазалығына «Жолаушылар тасымалы» АҚ жауап береді. Жолсеріктер жолаушылар мінгенге дейін инфекциялық шараларды жүзеге асырады

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз