Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазыда заңсыз ауланған 417 кг құрайтын бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

25 наурыз күні Құрманғазы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 1980 жылғы аудан тұрғынының басқаруындағы Газель автокөлігіне тексеру кезінде жалпы салмағы 417 кг құрайтын бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПІК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button