Атырау облысында көлік салығын төлемегендер саны 10868 адамға жетті

4555 Жаңалықтар

Жергілікті салықтар, оның ішінде көлік салығы бойынша жыл басында 6486 адам 200 млн 647 мың теңге берешек болса, қазір  бұл көрсеткіш 10 868 адамға артып, 312 млн 842 мың теңге берешекті құрап отыр. Бұл туралы Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат Сарманов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір азаматтар салықты бұрынғыдай банк органдарына келмей-ақ, «е-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» мобильді қосымшалары арқылы төлей алады.

– Кірістер органы негізінен мемлекеттік кіріс бөлімін қалыптастырады. Сондай-ақ, оның есептелуі мен уақтылы төленуіне аса қатты мән береді және бақылайды. Бізде қазіргі кезде көлік салығының берешектері қалыптасып отыр. Алдағы уақытта жергілікті полиция өкілдері және сот орындаушыларымен бірлесіп, рейдтік шараларды күшейту мәселесін қолға аламыз. Себебі, басқа салық түрлерімен салыстырғанда көлік салығы едәуір көбейіп отыр. Уақытылы төленбеген жағдайда көлік салығына сот орындаушылары арқылы мәжбүрлеп өндіргені үшін қосымша 25% ақы алынады. Төленбеген көлік салығын төлеп үлгеру үшін мемлекет тарапынан 1 жыл 3 ай көлемінде уақыт берілді. Алдағы уақытта осындай фактілер тағы да анықталған жағдайда, оны халыққа ашып көрсететін боламыз, – деді Н.Сарманов.

Оның айтуынша, такси қызметіне байланысты яндекс және индрайвер желісіндегі компаниялармен кірістер комитеті екеуара келісімшарт жасап, салық төлеу қосымшасын жасақтады. Ол 1 шілдеден бастап іске қосылады. Қосымша арқылы жұмыс беруші және салық төлеуші автоматты түрде салықты төлей алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз