Жарнама
Жаңалықтар

Жылыойлық жастарға «Жасыл ел» еңбек жасағынан құрылыс бағыты ашылды

Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты «Жасыл ел» еңбек жасағының ХХ маусымында абаттандыру және көгалдандырумен бірге Жылыой ауданы жастары үшін құрылыс бағыты ашылды. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

–Жылыойлықтар үшін ашылған арнайы құрылыс бағытына және көгалдандыруға жергілікті 140 жас жұмысқа тартылады. Ауданды қайта қалыпқа келтіру үшін жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына 18 бен 35 жастағы жастардың құжаты қабылданады. Жұмысқа қабылданған жастар құрылыс компаниясымен келісім-шартқа отырады. Оларға төленетін еңбекақы «Жасыл ел» еңбек жасағы мен келісім-шартқа отырған құрылыс компаниясынан бөлінеді, – деді облыстық ішкі саясат басқармасы жастарды қолдау бөлімінің бас маманы Айгерім Құрманберлиева.

 «Жасыл ел» жобасының ХХ маусымында Атырау қаласы 6 ауылдық округ аумағына
және 7 ауданға қарасты 16 мен 35 жас аралығындағы 1000 жасты жұмысқа қабылдайды. Бір ерекшелігі, Атырау қаласы бойынша жұмысқа қабылданған жастар Атырау қаласына қарасты 6 ауылдық округтің аумағында ғана жұмыс жасайды.

Айта кету керек, құжаттар @atyrau_jastary  және @jasylel_atyrau парақшасы арқылы онлайн қабылданады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button