АТЫРАУ НИДЕРЛАНДЫҚТАРДЫ ҚЫЗЫҚТЫРДЫ

Кеше Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Нидерланды Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің адам құқықтары жөніндегі елшісі Кейс Ван Барды  қабылдады. Тараптар Қазақстанның мұнайлы астанасындағы алға қарайғы ынтымақтастық перспективаларына қатысты мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.

 

Аймақ басшысы алдымен қонақтарды мәртебелі мейманға Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық өркендеу барысы, үдемелі индустриалды-инновациялық  дамудың мемлекетік бағдарламасының бірінші бесжылдығының табысты аяқталғандығы туралы әңгімеледі.

-Біз осы бағдарлама аясында жалпы  құны 76 млрд. теңгені құрайтын 35 серпінді жобаны жүзеге асырып, нәтижесінде 2,5 мың жаңа жұмыс орнын  ашуды қамтамасыз еттік,-деп мәлімдеді Бақтықожа Ізмұхамбетов.-Бұл жобалардың бәрі мұнай-газ секторына қызмет көрсету, құрылыс индустриясы, Агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларды қамтыды. Осылайша,  екінші бесжылдықтың жоспарына енгізілген 8 жобаның бесеуі биылғы жылы аяқталатын болады. Бұл жобалардың жалпы құны 9 млрд.теңгеден асады.

Облыс әкімі сонымен қатар, мұнай-газ саласын дамыту өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің басты бағыты болып қала беретіндігін атап өтті. Одан әрі, республикамыздағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі де осында орналасқандығын айтқан ол қазіргі таңда бұл кәсіпорында да әлемдік технологиялық стандарттарға сәйкес реконструкциялау жұмыстарының қарқын алғандығынан хабардар қылды.және тұңғышы Ағымдағы жылы мұндағы  реконструкциялау жұмыстарының бірінші кезеңінің сәтті аяқталып, қорытындысында бензол, параксилол тәрізді хош иісті көмірсутегі өнімдерін өндіруге қол жеткізілгенін баяндады. Реконструкциялау жұмыстарының екінші кезеңінде, әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие жоғары октанды бензин  түрін шығаруға қол жеткізілетіндігін  алға тартты.

Өз кезегінде, Нидерланды Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің адамқұқықтары жөніндегі елшісі Кейс Ван Бар  бқдан былай өзара тиімді ынтымақтастықтың орныға түсетіндігінен үмітті екендігін жеткізіп, жылышырайлы қабылдау өткізгендігі үшін аймақ басшысына ризашылығын білдірді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз