Ерден – үздік инспектор

0 uchaskelik inspektor Atyrau Жаңалықтар

Atr.kz/30 шілде, 2019 жыл. Жыл басынан бері атыраулық учаскелік инспекторлардың көмегімен 885 қылмыс ашылды. Өздеріне бекiтiлген аумақта тәртiп пен тыныштықты қамтамасыз етуге жауапты сақшылар 185 жайсыз отбасын бақылауда ұстаса, ондағы 304 баланың тұрмыстағы жай-күйiне жоғары жауапкершiлiкпен қарайды.

raprarara

Жақында облыстағы учаскелік инспекторлар арасынан үздік деп танылған Ерден Әлиев республикалық слетке қатысып, Ішкi iстер министрi Ерлан Тұрғымбаевтың қолынан жаңа шенге ие болды. Мектеп пен жоғары оқу орнын үздік аяқтап, бар бiлiмiн құқық қорғау саласына арнаған атыраулық полицейге мерзiмiнен бұрын капитан шенi берiлдi.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз