Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда аэротаксилер іске қосылмақ

Қазақстанда аэромобильдерді іске қосу жоспарлануда. lsm.kz бұл жобаның егжей-тегжейін анықтады.

Көлік министрлігінің аталған ақпараттық ресурсқа берген мәліметінше, ұшатын көліктерді сынақтан өткізу шамамен 2025 жылдың II-III тоқсандарында басталады.

Бұл кезең 12 айға созылады, себебі көлік құралдарының әртүрлі ауа райында жұмыс істеу қабілетін талдау қажет.

«Сынақтар үшін АҚШ өндірісіндегі Joby, Hyundai Supernal және ARCHER ұшатын көліктерін пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда», – деп хабарлады ведомство.

Министрліктен мәлім еткеніндей, тестілеу барысында екі ұшатын көлік қолданылатын болады. Талдаудың нәтижесінде көлік құралдарының саны мен оларды жүк тасымалдары мен жолаушылар тасымалына бөлу мәселелері қаралады.

Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаржы сомасы 250 млн. АҚШ доллары деп бағалануда. Бірақ нақты шығындар барлық зерттеу кезеңі аяқталған соң анықталады.

–Urban Air Mobility жобасын іске қосу 2026 жылға жоспарланған. Алатау мен Алматы қалаларында пилоттық жобаның іске асырылуынан кейін бұл көлік түрін басқа қалаларда пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Аэромобилді басқару үшін арнайы білім мен тәжірибеге ие маман (ұшқыш) қажет болады, — делінген lsm.kz ақпаратында.

Қазір Азаматтық авиация комитеті UAM жобасын іске асыру бойынша жұмыс тобын құрды. Осы топтың аясында аэротаксилердің ұшу тәртібін реттеу мәселелері қарастырылып, Қазақстан Республикасының заңнамасына қажетті түзетулер мен толықтырулар дайындалады.

Бұған дейін Үкімет аэромобильдерді іске қосу мәселесін талқылаған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button