Жаңалықтар
Қаныш Төлеушин Атырау облысына жұмыс сапарымен келеді
22 қарашада ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин Атырау облысында тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Өтетін орны: Atyrau IT Hub ғимараты (Атырау қаласы, Қ.Мәденов көшесі, 7а)
Уақыты: 16:00 – Тұрғындармен кездесу
17:00 – Азаматтарды жеке қабылдау
Кездесу барысында аймақтағы цифрландыру, инновация және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланады.
Кездесуді министрліктің YouTube желісіндегі ресми парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.
Ал +7 777 260 16 60 нөмірі арқылы жеке қабылдауға жазылуға болады.