Қымбат мұнай кімге керек?

1 2 Экономика

БІРДЕ ТҮСІП, БІРДЕ ӨСІП ОТЫРҒАН МҰНАЙ БАҒАСЫ ӘР БАРРЕЛІНЕ ШАҚҚАНДА 70-75 ДОЛЛАР ШАМАСЫНДА
ТҰРАҚТАДЫ. ӘРИНЕ, БҰЛ ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ 90-ШЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДЕҢГЕЙДЕН ТЫМ ТӨМЕН. БІРАҚ 17-
20 ДОЛЛАР БОЛҒАН БЕЛЕСТЕН ДЕ ӨТТІК ҚОЙ. ДЕМЕК, «ҚАРА АЛТЫН» ҚҰНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЛЫПТАСҚАН КҮЙІНЕ
ШҮКІРШІЛІК ТАНЫТҚАН ДҰРЫС.
АЛАЙДА, ОСЫ МҰНАЙ БАҒАСЫНЫҢ ҚЫМБАТ-АРЗАНДЫҒЫ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР
ЕТЕДІ? КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА МА? ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕ МЕ?

Əлем нарығындағы жағдай

Алдымен «қара алтынға» қатысты қазіргі ахуалды абайлап көрелік. Дүние жүзін дендеген дерт көмірсутегіне деген сұранысты күрт кемітіп жіберді. Алыс-беріс тоқтаған соң əлем экономикасы тоқырады. Соның салдарынан мұнай өндіруші елдердің өнімі өтпей, қоймалары лық толды. Шалғай мұхиттарды шарлайтын алып танкерлер айлақтарда қаңтарылды. Мұнайлы мемлекеттер шикізатын басқаларға тегін беруге дайын-ды. Тіпті тиеп кетушілерге жол шығынын өтеуге əзір екендігін мəлімдеген. Өйткені, өтпеуі себепті өнім өндіру уақытша тоқтатылған кеніштерді қайта қатарға қосу жеңіл емес, əрі біраз күшті керек етеді. Ал, қазіргі жағдай ше? Рас, асқынған ауру əлі айылын жиған жоқ. Алайда, сарапшылардың болжауынша, əлем мемлекеттері тұралаған өндірісін қалпына келтіруге кірісті.

Демек, мұнай-газға сұраныс қайта арта бастады. Баламалы энергия көздері туралы қаншама айтылғанымен, қуатты кəсіпорындардың негізгі қозғаушы күші көмірсутегі болып қала бермек. Қоймаларда қордаланған қор да біртіндеп кеміп келеді. Мəселен, былтыр 2015-2019 жылдармен салыстырғандағы орташа көрсеткіштен 249 млн. баррельге көп жиналса, биылғы ақпанда 57 миллионға дейін төмендепті. Содан бері де азайғаны анық. Жаңа өнім өндіру көлемі біршама өскенімен, тұтынуға тапсырыс та жоғары. Жалпы, пандемияға қажетті қордың бəрі дерлік Қытайда жиналыпты. Аспанасты елі ертеңіне ертерек елеңдеген екен. Енді басқалардың да сұранысын қосқанда, сол қоймалардан биылғы екінші жартыжылдықта тəулігіне 2,2 млн. баррель шикізат алынбақшы. Яғни, соның орнын толтыру жəне күнделікті қажеттілікті өтеу үшін өнім өндіруші компаниялар қуатын күшейтеді. Рас, карантинге дейінгі деңгейге жетуге əзірге ертерек. Соның нəтижесінде бағаның өсуіне оң қадам жасалмақ. Мамандар əзірге Brent маркалы мұнайдың əр баррелін 74 доллардан бағалап отыр. Əрине, аздап көтерілуі немесе түсуі ықтимал. Қысқасы, осы меже сақталса, қазақ елінің жағдайы жақсара түседі.

Ұлттық қордағы қаражат еселене ме?

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ШИКІЗАТҚА ЗӘРУ МЕМЛЕКЕТТЕР АРЗАН МҰНАЙДЫ МОЛЫНАН САТЫП АЛДЫ.

ҚАЗІР СОНЫ КӨБІРЕК ТҰТЫНУДЫ ҚОЛҒА АЛСА, ОНДА ЭКОНОМИКАСЫН САУЫҚТЫРУҒА ҚАРЫШТЫ ҚАДАМ ЖАСАҒАНЫ.

 ЕНДЕШЕ, «ҚАРА АЛТЫНДЫ» ЕЛДЕР ЕҢСЕСІН ЕРТЕРЕК КӨТЕРІП, ӨЗГЕЛЕРДІҢ ӨТІНІШІН ТЕЗІРЕК ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА ҰМТЫЛАДЫ. ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫ ТОЛЫҚТЫРУДЫҢ СӘТІ ТҮСТІ. БЫЛТЫР ОДАН БІРАЗ ҚАРАЖАТ АЛЫНДЫ. ЕНДЕШЕ, СОНЫҢ ЕСЕСІН ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ. ӨЙТКЕНІ, МҰНДАҒЫ АҚША – КЕЛЕШЕК ҚОРҒАНЫМЫЗ. АЛ, ЕНДІ ҚЫМБАТ МҰНАЙДЫҢ ПАЙДАЗИЯНЫН САРАЛАП КӨРЕЛІКШІ. АЛДЫМЕН, ЖОҒАРЫДА АЙТҚАНЫМЫЗДАЙ, ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ ТҮСУІ КҮТІЛУДЕ. ӘЙТСЕ ДЕ, РЕСПУБЛИКАДА «ҚАРА АЛТЫНЫ» МОЛ ҚАШАҒАН МЕН ҚАРАШЫҒАНАҚ ЖӘНЕ ТЕҢІЗ КЕНІШТЕРІ ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ИГЕРІЛУДЕ. ШЫНЫ КЕРЕК, ТЫЛСЫМ ТҰҢҒИЫҚТЫҢ КӨЛ-КӨСІР БАЙЛЫҒЫН ЖЕКЕ ЖАРАТЫП ЖАТҚАНЫМЫЗ ЖОҚ , ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРГЕ БӨЛІСУДЕМІЗ.

ТІПТІ СОЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМЫРАҚ. РАС, ОСЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНА ТӨЛЕЙТІН

МІНДЕТТІ САЛЫҚТАРЫ БАР. СОЛ УАҚЫТЫНДА ӨТЕЛСЕ ДЕ, БІРАЗ АҚША АЛАРЫМЫЗ АНЫҚ. ОДАН ӘРІ, МҰНАЙ – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА ТУРА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫҢ БІРІ.

 Д Е М Е К , Ш И К І З А Т Б А Ғ А С Ы НЕҒҰРЛЫМ ӨССЕ, ТЕҢГЕ ДЕ СОҒҰРЛЫМ БЕКИДІ. ТІПТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫМЫЗ КӨБІРЕК КӨРШІЛЕС РЕСЕЙ РУБЛІ ҚҰЛДЫРАҒАНДА ДА, ТӨЛ АҚШАМЫЗ БӘСІН ЖОҒАЛТПАУЫ МҮМКІН. ЭКОНОМИСТЕР СОЛАЙ ДЕП ОТЫР.

ӘЙТСЕ ДЕ, МҰНАЙ-ТЕҢГЕ ТІРКЕСІ БІРБІРІНЕ БАЙЛАНА ДА БЕРМЕЙДІ. ЖАЛПЫ, ШИКІЗАТ БАҒАСЫНЫҢ ӨНДІРУШІ ЕЛДЕРДІҢ В А Л Ю Т А С Ы Н А Ә С Е Р Е Т У І – Қ А Л Ы П Т Ы Қ Ұ Б Ы Л Ы С . А Л А Й Д А , А С А К Ө П Е М Е С . ҚАЗАҚСТАНДА АЙТАРЛЫҚТАЙ СЕЗІЛМЕУІ ДЕ ЫҚТИМАЛ. «ҚАРА АЛТЫННАН» ТҮСКЕН ТАБЫС, ӘРИНЕ, ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА АУДАРЫЛАДЫ. МҰНДА МОЛ ҚАРАЖАТ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҰЛТТЫҚ БАНК АРҚЫЛЫ РЕТТЕЛЕДІ. САЙЫП КЕЛГЕНДЕ, ӨЗ АҚШАМЫЗДЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАСЫ ОСЫ ҚОС ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ДЕ ҚАТЫСТЫ. ЖАЛПЫ, БҰЛ – ӨЗ АЛДЫНА АЙТЫЛАТЫН БӨЛЕК ТАҚЫРЫП.

Шикізатқа тəуелділіктің зардабы

АЛ, МҰНАЙ БАҒАСЫ ӨСУІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖАҒЫ ҚАНДАЙ? ТЕК ШИКІЗАТҚА ҒАНА АРҚА СҮЙЕП, ӨЗГЕ САЛАНЫ ЕСТЕН ШЫҒАРУДЫҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ ЕКЕНДІГІН ӨТКЕН ЖЫЛ КӨРСЕТТІ. ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ШИКІЗАТТАН ГӨРІ, ӨНДІРІЛГЕН ТАУАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ. МІНЕ, СОЛ КЕЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ДА ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖАҚСЫ ЖҮРГЕНДІ. ӨНДІРУ САЯБЫРСЫҒАНДА ӨҢДЕУ ӨРГЕ ӨРЛЕГЕН. ТАБЫСТЫҢ ДЕНІ СОДАН ТҮСКЕН. ЕНДІ ТАҒЫ ТОҚМЕЙІЛСІП КЕТПЕЙМІЗ БЕ? СЫРТТАН СҰРАНЫС АРТҚАНДА, СЫЛБЫРЛЫҚҚА САЛЫНБАЙМЫЗ БА? ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУДЫ ҚОЛҒА АЛҒАН КӘСІПОРЫНДАР ҚУАТЫ КЕМІП КЕТПЕЙ МЕ?

Оның үстіне, көршілермен қарымқатынас қалпына келсе, импорт та артады. Демек, отандық өнімге қатер төнеді, ол өтпеуі мүмкін. Сырттан жеткізілетін арзан тауар қазақстандық кəсіпорынды тұқыртады. Содан сақтаналық. Бензин бағасы ше? «Қара алтын» құны көтерілсе, оның бағамы қандай болмақ? Əрине, өседі. Өйткені, өңдеуші кəсіпорындар шикізатты қымбатқа алады. Одан əрі оны даяр тауарға жеткізу үшін түрлі технологиялық желіден өтеді. Соның бəрі ақша емес пе? Өзге де салмақты себептері бар. Оның үстіне жең ұшынан жалғасушылық жайы қылаң беруі де мүмкін. Президенттің Қаржылық мониторинг агенттігі мен Есеп комитетіне республикадағы мұнай өңдеу зауыттары қаржыны қалай жұмсап жатқандығын тексеруді тапсыруы тегін емес. Астыртын əрекет те болуы əбден ықтимал.

 Қорытындысы осы қыркүйекте жарияланады. Сонда қылмысқа парапар кемшіліктер ашылып жатса, кейбір шенеуніктің тағынан тайып кетуі мүмкін. Ілгергі жылдары бірқатар жанармай құю бекеттері бағаны негізсіз көтеріп, айыппұл төлеген-ді. Енді мұндай жеңіл жаза қолданыла қоймас. Ел ауыр аурумен алысып жатқанда, халықтың қалтасына қол салатындарға кешірім болар ма екен?

Əрі Атыраудағы кəсіпорынның да жоспардан тыс тоқтау себебін анықтау Энергетика министрлігіне, «СамұрықҚазына» əл-ауқат қорына жəне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жүктелді. Бүгінде мұнда жаңа басшылық жұмыс жасауда. Оған қызметін тыңнан бастау үшін мұндай шара қажет те шығар, бірақ оралымсыздықтар орын алса, мақтанарлық жай болмас. Жетпіс бес жылдан аса тарихы бар, отандық саналатын өндіріс ошағының мұнайлы мекенде алар орны ерекше. Турасын айтқанда, жүздеген адамды жұмыспен қамтып, жергілікті бюджетке қомақты қаржы құйып отырған зауыттың қалыпты қызметі қажет-ақ.

Инвестор ел игілігіне қызмет ете ала ма?

Ал, шикізат арзандаса ше? АҚШ, Сауд Арабиясы секілді мемлекеттерде жанармай құны сол сəтте-ақ кемиді екен. Демек, бұларда бензин бағасы мұнайға тура тəуелді. Тұтынушы жеке қаражатын əжептəуір үнемдейді. Өкінішке қарай, біздегі жағдай басқаша. Республикада мұнай өңдеу зауыттары шетелдіктермен бірге басқарылуда. Отандық саналатын Атыраудағы кəсіпорынды жаңғырту үшін де сырттан инвестиция тартуға тура келді. Демек, осы өндіріс ошақтарының басшылары алдымен табыс түсіруді ойлайды. Халықтың қамы, жұртшылық сұранысы екінші кезекке қалады. Сонау жылы төртінші зауыт тұрғызу туралы əңгіме айтылғанымен, сағызша созылған мəселе ақыры шешілмей қалды.

Енді қашан қолға алынып, қалай жүзеге аспақ? Жалпы, мұнай өндіру көлемі көбейіп, «қара алтын» құны артқанымен, елдегі кəсіпорындар шикізат тапшылығын сезінуі ықтимал. Себебі, қайтарымы мол кеніштердің кілтін ұстаған инвесторлар экспортты өсіріп, толағай табыс тапқанды қалайды. «ҚазМұнайГаз» да көл-көсір пайдадан қағыс қалмауға ұмтылады. Ішкі нарыққа ұсынғанда да əлемдік бағамды басшылыққа алары анық. Сонда қарапайым тұтынушы не ұтады?

Жанармай бағасы өссе, тасымал шығыны артады. Көлік жүрісі қымбаттаса, жолаушылар тасымалы да, азық-түлік пен құрылыс материалдарын жеткізу де, т.б. қымбаттайды. Сонда қазынаға бір бағыттан құйылған қаржы, екінші жағынан шықпай ма? Қысқасы, қайткенде де, ел бюджетінің еселенуі əлемдік нарықта «қара алтын» құнының көтеріңкі болуына байланысты. Оның оң-теріс тұстарының болуына қарамастан, қазынаны солай өлшейміз. Экономистер де болашаққа болжам жасағанда мұнай бағасын басшылыққа алады. Өңдеу саласы өндіруден қалыңқы елдің бастан кешетін күйі осы. Мұнай-газ сарапшысы Абзал Нарымбетов егер көмірсутегі əр барреліне 30 доллардан кем сатылса, онда бес жылдан соң Ұлттық қордағы қаржы сарқылатынын да айтады. Мұндай күн туа қоймас деп сенеміз. Əйтсе де «сақтықта қорлық жоқ» деген.

Меңдібай Сүмесінов, ардагер журналист

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз