Атыраулықтарда – үш қола жүлде!

универсиада күнделігі Жаңалықтар

Дүйсенбі күні 500 метр қашықтыққа шыққан атыраулық шорт-трекші Денис Никиша Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Алғашқы екі кезеңде қарсыластарын шаң қаптырған ол фи-налға айқын басымдықпен шықты. Ерлер арасындағы жарыстың ақтық сынына екі бірдей  отандасымыз Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша жолдама алған еді. Жарыс кезінде қарсыластардың бірі Денисті итеріп құлатты. Бірақ, жерлесіміз абдырап қалған жоқ, жарысты әрі қарай жалғастыра берді.

универсиада күнделігі

Нәтижесінде, мәре сызығын 41,175 секундта кескен кореялық Ким До Кюмға алтын жүлде бұйырды. Ал, екінші жеткен қытайлық спортшыны төрешілер жазалап, көрсеткішін есепке алмай қойды. Сөйтіп, 41,479 көрсеткішімен батысқазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев  екінші орынға тұрақтады.  Денис Никиша бұл қашықтықты 58,169 секундта бағындырып, қола жүлдегер атанып отыр. Қыздар арасында бұл сында тағы бір жерлесіміз Ионг А Ким алтыншы орынға тұрақтады.

Кеше «Балуан шолақ» спорт кешенінде шорт-трекшілер бір мың метр қашықтықта және бес мың метрлік эстафеталық сынға түсті. Бір мың  метр қашықтықта Денис тағы бір қола медальге ие болды.

Сондай-ақ, Ольга Тихонова мен Ионг А Ким шорт-тректен эстафеталық жарыста мәреге үшінші келіп, қола медальды иеленді.

*Жедел сұхбат

«ТӨРЕШІДЕН БЕЛГІ КҮТКЕНМІН…»

Денис Никиша, 28-ші қысқы Универсиада ойындарының қола жүлдегері:

– Денис, финал кезінде күтпеген жағдай орын алды. Алғашқы екі кезеңде финалға айқын басымдықпен шыққан едіңіз. Ал, ақтық жарыста құлап қалуыңызға не себеп болды?

– Старт белгісі берілгеннен кейін қытайлық және корейлік спортшылар екі жағымнан қысып, ақыры құлатты. Төреші ойынды тоқтатып, кері бастауға белгі береді деп күткенмін. Алайда, ондай шешім қабылданбады. Сондықтан, жарысты жалғастыра бердім. Алтын жүлде алған корейлік спортшы да ереже бұзды. Сондықтан, төрешілер екеуін бірдей жазалауы тиіс еді. Сонда Абзалға алтын медаль бұйыратын еді.

Жарыс нәтижесіне көңілім толмайды деп айта алмаймын. Қола да – жүлде. Ең қуантатыны, екі қазақстандық спортшының жүлде алғаны. Шорт-трек жарысы өткен екі күнде үш медаль еншілеп отырмыз. Бұл да нашар көрсеткіш емес.

– Бұған дейін әлем кубогында үш бірдей қазақстандық шорт-трекші жүлделі орын иеленді. Сіздің еншіңізде әлем кубогының күміс медалі бар. Ал, бүгін Универсиада ойындарының жүлдегері қатарынан табылып отырсыз.  

– Иә, әлем кубогы сайысында біз Қазақстанда шорт-трек спортының қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдедік. Қазіргі таңда біз әлемнің мықты спортшылары қатарындамыз.

–  Алда тағы да маңызды бәсекелер күтіп тұр ғой. Шорт-трек жанкүйерлерін әлі де тамаша жеңістермен қуанта аласыздар ма? 

– Иә, Универсиада ойындары әлі аяқталған жоқ. Мен алда да мүмкіндігімді көрсетуге тырысамын. Шорт-трек – еш бәсеңсуді көтермейтін спорт түрі. Мұндағы  жеңіс  секундтармен өлшенеді. Соның бір айғағы бүгінгі жарыста көрініс тапты.

– Сұхбатыңа рахмет. Жеңісті күндерің көп болсын. Алға, Қазақстан!

универсиада күнделігі2

Денис Тен – Универсиада чемпионы

Бүгін Алматыдағы «Алматы Арена» мұз сарайында 28-інші қысқы Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.

Бұған дейін газетімізде Қазақстан құрамасы қоржынында сегіз алтын жүлде бар екендігін хабарлаған едік. Одан соң да отандастарымыз тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.

Анна Шевченко мен Олжас Климиннің жұбы шаңғы жарысы бойынша  командалық бәсекеде топ жарды. Айта кетсек, биылғы додада Анна үздік спортшылар қатарынан көрінуде.

Қазақ елі мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының жүлдегері  Денис Теннен алтын жүлде күтті. Спортшы сенім үдесінен шығып, өз шеберлігін тағы бір дәлелдеп, оныншы алтын медальды сыйлады. Денистен 14 ұпайға қалған Кэйдзи Танака күміс жүлдегер атанса, швециялық мәнерлеп сырғанаушы Александр Майоровқа қола жүлде бұйырды. 204 ұпай еншілеген Абзал Рахымғалиев 12-ші орынға тұрақтады.

Сол күні коньки жарысынан Екатерина Айдова 1000 метрлік қашықтықта қола жүлдегер атанды. Бұл – Екатеринаның биылғы қысқы студенттік ойындардағы екінші жүлдесі.

Шорт-трекшілер – жарыс жолында

Атыраулық шорт-трекшілер жарысқа бесінші ақпан күні кірісті.  Шорт-тректен 1500 метр қашықтықтағы бәсекеде отандасымыз  Нұрберген Жұмағазиев қола жүлде алды. Ал, жерлестерімізге, өкінішке орай, бұл күні медаль бұйырмады. Йонг А Ким  мәреге төртінші болып жетті.

универсиада күнделігі3

Төрт жауапсыз шайба

Ширек финалда Швеция құрамасын тізе бүктірген хоккейшілеріміз жартылай финалға жолдама алды.

Универсиада астанасындағы «Халық Арена» мұз айдынында өткен ойын айдын иелерінің үлесіне 4:0 есебімен аяқталды. Есепті құрамамыздың капитаны Константин Савенков ашып, үшінші кезеңде басымдықты пайдаланған Кирилл Савицкий екінші шайбаны шведтердің қақпасына енгізді. Араға бес минут салып Никита Миxайлис ерекшеленсе, ойын аяқталуына екі минут қалғанда Алексей Анциферов салған гол бәсеке тағдырына нүкте қойды.

Exhzx4PQPnw

Қоржында – он бірінші алтын!

Биатлоншы Галина Вишневская Қазақстан үшін Универсиаданың 11-ші алтын медалін жеңіп алды.

«Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде қыздар арасында 12,5 шақырым қашықтыққа арнал-ған төрт ату шебі бар жаппай старт өтті. Бұл сайыста бірінші орынды отандасымыз Галина Вишневская, екінші орынды украиналық спортшы Яна Бондарь, үшінші орында ресейлік Лариса Куклина жеңіп алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз