Биыл елімізде үй бағасы 10-12% арзандайды

Жаңалықтар

Биыл үй бағасы 10-12% арзандайды. 2015 жылдағы девальвациядан кейін әлсіреп кеткен Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы қайта қалыпқа түсе бастады деп жазады Егемен Қазақстан.

pogudx70cd15i1e6h.f4d80f58

Сарапшылардың пікірінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда шамамен 50,7 мың келісімшарт жасалған. Экономикалық өсімнің әлсіреуі мен инфляцияға қарамастан, 2016 жылы нарықтағы жоғары көтерілген тренд биыл да жалғасын таппақ.

«Елдің шетел валютасында сақтаған қаражатының арқасында қазір жылжымайтын мүлік саудасы қайта қарқын ала бастады”, – дейді сарапшы Анна Шацкая.

Оның айтуынша, теңгенің тұрақтануы мен шикізат бағасының қайта көтерілуі елдің төлем қабілетіне оң әсер етуде.

Ал сарапшы Мария Реннің пікірінше, өткен жылдың алғашқы үш айындағы жасалған сауда келісімшарты өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 30,9 пайызға ұлғайған.

Кей сарапшылар биыл қайталама нарықтағы үйлердің бағасының түсетінін айтады.

Айта кетейік, жыл басынан бері үш айда қайталама нарықтағы баға республика бойынша 4 пайызға арзандаған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз