Отандық өндіріс: СЫН САҒАТТАН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ МЕ?
Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл. Мұнайды таза табиғи формасында пайдалану мүмкін емес. Одан нім шығарылғаннан кейін ғана бағасы артады. Ал, дағдарыс басталғалы бері әлемде аталған шикізатқа деген сұраныс төмендеп кетті. Өндірістер тоқтап, тауар тасымалдау кідіруде. Әлем «қара алтын» қоры азайып, бәсі төмендеген кезде ғана проблемаға назар аударып, дабыл қағып отыр. Бұл кезеңді отандық компаниялар қалай өткеруде?
Жиналыстардан бейнеконференцияларға
«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы ел экономикасына сүбелі үлес қосып отыр. Қауіпті індет белең алған кезеңде кəсіпорында облыс əкімдігі мен мемлекеттік орындармен бірлесіп, жедел штаб құрылды. Компания өз жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы кешенді сақтық шараларын жүзеге асыруды дереу қолға алды.
Ең алдымен, вахтаға кірісетін жұмысшылар арасында міндетті ПТР-тестілеу сынағы ұйымдастырылды. Аталған жоспарға сай, еңбек вахтасындағы жұмысшылар саны азайтылып, вахта уақыты 56 күнге дейін ұзартылды. Сондай-ақ, өндірістік жиналыстар көп өткізілмейтін болды. Бүгінде оның орнын бейнеконференциялар алмастырды. Мердігерлер мен өзге де құрылым өкілдеріне төтенше жағдай кезінде компания нысандарына кіруге мүлдем тыйым салынды. Мұнайшылар асханаларда топтаспауы үшін тамақтану мерзімі ұзартылды.
- – Вахта мерзімінің ұзартылуына, кеңселердегі қызмет ететіндердің басым бөлігінің жұмыстан уақытша босатылуына байланысты қалған қызметкерлердің жауапкершілігі арта түсті. Біраз қызметкер үйден жұмыс жасауына байланысты еңбекақыларының 70 пайызын алып отырды. Бұл да – компанияның қиын кезде өз қызметкерлеріне көрсеткен қолдауы. Елдегі төтенше жағдайдан соң 56 күндік вахта аяқталып, компанияда жұмысшыларды ауыстыру туралы шешім алынды. Сөйтіп, басқармаларда вахта ауысу шаралары басталды. COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу мақсатында вахталық жұмысқа кірісетін барлық жұмысшыны ПТРтестілеу ұйымдастырылды. Сынақтың қорытындысында «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бір қызметкерінен коронавирус инфекциясының белгісі табылды. Ол бірден мамандандырылған стационарға карантинге жатқызылды. Яғни, вирус кен орны аумағына жіберілмеді, — деді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев.
Төтенше жағдай режимі аяқталған кезде аймақта карантин шаралары толыққанды сақталмай қалғаны жасырын емес. Осы кезеңде вахтааралық д е м а л ы с т а ғ ы қ ы з м е т к е р л е р д і вахтаға кіргізер алдында жүргізілген тестілеуде бірқатар жұмысшыдан «оң нəтиже» анықталды. Теңіз кен алаңында еңбек ететін жұмысшылардың жаппай ауруға шалдығуы салдарынан эпидемиологиялық жағдайы нашарлаған Жылыой ауданындағы «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының кен алаңдарында індет белгілері көбірек тіркелді. Соның ішінде, басқармаға қарасты ТереңӨзек, Қисымбай кен орындары жұмысшыларының шамамен 40 пайызы коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
Кейін індет белгісі орталық аппаратта да тіркеліп, қызметкерлер екі күнге қашықтан жұмыс жасау режиміне жіберілді. Орталық кеңседе толықтай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, мамандар кері ПТР-тестін тапсырып, жұмысқа кірісті. Араға уақыт салып, тапсырылған сараптама қорытындылары бірқатар қызметкер симптомсыз ауру кезеңінен өтіп кеткенін анықтады.
Үздіксіз өндіріс
Қанатбек Қасымғалиевтың айтуынша, вахта құрамы «жұмыс тобы» жəне «ұйқыдағы топ» деп екі топқа бөлінген. Ол өндірістің іркіліссіз жүруі үшін қажет болыпты. Бұл қадам жұмыс тобының мүшелерін оқшаулауға тура келген жағдайда демалыс тобының мүшелері орнын алмастыру мақсатында жасалған.
- – Аймақта эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты дерттің алдын алу алгоритмі де жиі өзгеріп отырды. Мəселен, вахтаға жіберер алдында жұмысшыларды 5 күн оқшаулау кезінде бір бөлмеге орналасқан адамдардың бір-біріне вирус жұқтырған кездері болды. Бұл – біз үшін күрделі кезең еді. ПТР-тесттері аймаққа жеткізілмей, өндірістің тоқтап қалу қаупі туындаған сəттерін де бастан өткердік. Осыған қарамастан, уақытылы қабылданған шаралардың жəне біздің компанияның бірлескен еңбегі арқасында бүгінде барлық кен орындар штаттық режимде қалыпты жұмыс істеуде. Өндіріс жоспарланған көрсеткіштерге сəйкес жүзеге асырылуда, — деген Қанатбек Махмудұлы қазір жағдай тұрақталғанын айтып өтті.
Алайда, санитарлық талаптар əлі де қатаң сақталып отыр. Вахта мерзімін 14-тен 28 күнге дейін ұзарту шешімі де өндіріс үдерісіне келетін қауіпті мейлінше азайту, мұнайшылардың денсаулығын сақтау мақсатында туындады. Осындай жұмыс кестесіне көшу 28 күн бойы кен алаңдарында тұрақты жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Вахтааралық кезеңнің ұзақтығы бүгінгі пандемия жалғасып жатқан кезеңде жұмысшылардың денсаулығына көбірек көңіл бөлу бағытында жасалып отыр.
- – Орталық кеңсе қызметкерлері үшін жұмыс уақыты түскі үзіліссіз 15.00- ге дейін болып бекітілді. Ал, 18.00-ге дейін қашықтан жұмыс жасап, толық көлемде еңбекақыларын алып отыр. Бұл шешім не үшін алынды? Ең алдымен, кеңседе асхана жұмысы тоқтатылды. Ал, түскі үзілісте қызметкерлер тамақтану үшін жақын маңдағы кафелерге барып, адамдар көптеп жиналатын орындарда болады. Бұл жағдай қауіп келтіреді. Сондықтан, ауру таралуының алдын алу мақсатында 6,5 сағаттық жұмыс режимімен қызмет жүргізілуде. Дезинфекция жұмыстарын жүргізу, COVID-19-ға қарсы сақтық шараларын сақтау талаптарына сай, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық тазалықты қадағалайтын мекемемен бірлесіп, мердігер мекемелерге нұсқамалар берілді.
Бұл талаптар орындалмаған жағдайда олардың жұмыстарын уақытша тоқтату шаралары қолға алынып жатыр. Мəселен, сақтық талаптарын сақтамаған «KazPetroTrans», «Azia incorporаted» ЖШС-ге қатысты осындай шаралар қолданды. Өйткені, мəселе басты құндылығымыз – жұмысшыларымыздың денсаулығы мен өмірі болғандықтан, салғырттыққа жол берілмейді, аса байыптылық қажет, — деді əңгімелесушіміз.
Әлеуметтік жауапкершілік – басты назарда
Ө ң і р д е б о л ғ а н к ү р д е л і эпидемиологиялық жағдайға байланысты компания жергілікті атқарушы биліктің ұсынысына қолдау білдірді. Пандемия басталғалы бері аймақты қолдауға шамамен 300 миллион теңге бөлді. Айталық, облыстық ауруханаға өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды, реанимацияларды, диализ орталықтары мен провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесін жүргізуге медициналық жабдықтарды алу үшін 146 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті жəне 40 оттегі баллонын алып берді. Осындай мақсатта жəне жеке сақтандыру құралдарын алуға Жылыой аудандық ауруханасына көмек берілді .
Атырау қаласының Береке ықшам ауданындағы карантиндік стационарларды жабдықтауға 100 миллион теңге бөлініп, Исатай, Мақат, Жылыой жəне Қызылқоға аудандарының əкімдіктеріне бл о к — бе ке т т е р ұ й ы м д а с т ы ру ғ а , дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге жəне халықтың əлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсетілді. – Компанияның қолайсыз қаржылық жағдайына қарамастан, біздің мемлекетке қолдауымыз қажет екендігін түсініп, мұны компанияның резервтері арқылы қамтамасыз еттік, — деп түсіндірді Қ.Қасымғалиев.
ПТР-тест және оқшаулану
Тағы бір білгеніміз, қабылданған алгоритмге сəйкес, компания нысандарына кіріп-шығу ПТР-тестілеу «теріс» нəтиже көрсеткенде ғана жүзеге асады екен. «Оң нəтиже» көрсеткен қызметкерлер қажетті емін алып, жазылып шыққанша денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз болып табылады. Үйде оқшауланған жағдайда изоляция мерзімі аяқталған соң, қызметкер ПТР-тестін кері тапсырып, «теріс» нəтиже болғанда ғана жұмысқа шығуға мүмкіндік алады. Бүгінде вахта жұмысына кірісер алдында жергілікті жердегі жұмысшылар ПТР-тестілеу сынағын тапсырғаннан кейін бе с күн бойы үйлерінде оқшауланады.
Сонымен қатар, кенішке жеткізетін тасымалдау көлігіне отырған кезде тепловизормен дене қызуы өлшенеді. Ал, өзге аймақтарда тұратын жұмысшыларды ПТР-тестілеу əдісі сəл өзгешелеу. Олар вахтаға кіру үшін өз тұрғылықты жерлерінен тестілеуден өтіп, Атырауға келген соң кері ПТР-тест тапсырып, теріс нəтиже шыққанға дейін мамандандырылған оқша улау орнында (Атырау қаласындағы қонақүйде) 5 күн карантинде болады. Жаңа вахта жұмысқа кен орындарындағы барлық нысандарға толық дезинфекция жасалғаннан кейін ғана кіріседі. Ембі аумағына кіргізу алдында мердігер мекемелер қызметкерлері де ПТР–тестілеуден өтеді.
Шұғыл шаралардың жемісі
Дер кезінде қабылданған шаралардың нəтижесінде «Ембімұнайгаз» АҚ пандемия кезінде өндіріс жұмысын тоқтатпады. Соған сəйкес, өнім өндіру жоспарға сай тұрақты жүзеге асуда. Вахталық ауысым жұмысы оңтайландырылып, бірде-бір жұмысшы қысқартылмаған. Күрделі кезеңге қарамастан, компания ұжымдық шартқа сəйкес, барлық қызметкерлерді əлеуметтік қолдау бағытындағы барлық міндеттерді орындап келеді.
Р.S:
Әрине, қазір жағдай бұрынғыдай емес, тұрақталып келеді. Қай кәсіпорын болмасын, қызметін жүйеге келтіруге ұмтылуда. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, ндірісті тоқтатпауды ұйғарды. Иә, дағдарыс кейбір компаниялар қызметінің соңғы нүктесін қойса, енді біреулеріне қиын шақта сыналар сәт болды. Ал, одан сүрінбей тіп, батыл қадам қабылдай білгендері жұмысын кідіртпейді.
Айбөпе САБЫРОВА