75096916 2574628629424179 356817572189962240 o

Атырауда жас самбошылар сайысты (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/27 қараша, 2019 жыл. «Атырау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған самбо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Жас самбошыларды бозкілем үстіне жинағана сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, самбо күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Қаймен Есендияровтар  сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Шара барсында жуырда ғана Оңтүстік Корея елінің Чхонджу қаласында самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатыда  күміс жүлдені қанжығасына байлаған Серікжан Түсіповке Атырау облысы самбо федерациясы сәйгүлік мінгізіп, аймағымыздың абыройын асқақтатқан саңлағымызға құрмет білдірді. Сондай-ақ бірнеше спорт маманы «самбо күресінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

72487075 2574628719424170 2763243759083716608 o
76968007 2574628849424157 1966739162052689920 o
76906358 2574628776090831 8613762013996253184 o
75602742 2574628972757478 5410136918543302656 o

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған