Атырау облысында 1 шілдеден бастап автогаздың бағасы өзгерді

2e6004e4 6c8c 4ce5 967c b0f444488544 Жаңалықтар

Аймақтың ішкі нарығында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге жаңа бағалар ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) төрағасының 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығына сәйкес енгізіледі.

Осы бұйрыққа сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жаңадан шекті бағалар енгізілді:

– облыс орталығынан (Атырау қаласы) 200 км-ге дейін – литріне 54 теңге, 

– облыс орталығынан (Атырау қаласы) 200 км астам – литріне 59 теңге.

Айта кету керек, Атырау облысында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған табиғи газдың бағасы Қазақстан бойынша төмен бағалардың бірі болып қала береді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз