Өзге планеталықтар туралы Құран не дейді? (+ВИДЕО)

1356870592 ufo flying saucer БЕЙНЕЖАЗБА

1356870592_ufo-flying-saucer

Адам баласы зерттеп бітпеген, әлі де ашылмаған талай сыры бар беймәлім ұшатын табақша туралы қоғамның пікірі сан түрлі. Бірі өзге планеталықтарға сенсе, енді бірі қияли қылық деп қол сілтейді. Аспан кеңістігінде еркін қалықтаған табақшаны ұялы телефондарының камерасына түсір үлгергендер де жетерлік. Интернет желісінде мұндай түсірілімдер өте көп. Сонымен өзге планеталықтар расымен де бар ма? www.qamshy.kz осы сұраққа жауап іздейді.

Беймәлім ұшатын табақшаны зерттеушілер уфологтар. Бірақ олар осы уақытқа дейін қолға ұстатқандай сенімді, нақты айғақ келтіре алмаған. Дегенмен беймәлім ұшатын табақша жат планеталықтар деген тоқтамға келген. Бейресми деректер бойынша адам баласына ұшатын табақшалар күн батқан сәтте аспан кеңістігінен бірнүктелі және көпнүктелі жарық болып 1940 жылы көрінген. Бірақ олар ақиқатында жат планеталықтардың ұшатын табақшасы ма? Осы саланы зерттеп, түрлі мақалалар жазып жүрген журналист Төреғали Тәшенов бізге көрініп жүрген ұшатын табақшалардың 50 пайызы адам қолымен жасалғанын айтады.

Мұрағаттан табылған тарихи құжаттар бойынша неміс армиясы 1940 жылы жерден тыс өркениет иелерінің кораблін атып түсірген. Сөйтіп, құлаған ұшатын табақшаның қыр-сырын меңгерген соң, өздері де соған қарап дәл құрастыра бастаған дейді. Әлемге аты әйгілі өзге де ғарышкерлер ұшатын табақшаны көрген. КСРО-ның екі мәрте батыры Владимир Кoваленок Салют станциясында жұмыс істеп жүрген кезінде иллюминатордан орбитаны айналып ұшқан белгісіз обектіні байқағанын айтады.

Тағы бір қызық ақпарат. Бейресми деректер бойынша ұзындығы 19, биіктігі 8 метр, ал салмағы 50 мың келі күміс түстес ұшатын табақша жерге құлаған. Тіпті ішінен бойы 1 жарым метрдей екі бірдей өзге планеталықтар шыққан. Зерттеуші ғалымдар өздеріңіз қаны жасыл ішкі құрылыстары адамға мүлде ұқсамайтын белгісіз тіршілік иесіне зерттеу жасапты. Бірақ бұл әлі күнге дейін құпия, оның анығында кім екені толық зерттеліп бітпеген. Аса жоғары жылдамдықпен ұшатын табақшаны жасау кез келгеннің қолынан келмейтін дүние. Деректер бойынша Әуе күштері радарына іліккен белгісіз обекті сағатына 20630 шақырым жылдамдықпен ұшқан. Беймәлім ұшатын табақша, өзге планеталықтар – бұлар адам баласының жалықпай зерттейтін, қызығып тамашалайтын дүниелері. Ғалымдар, аспан әлемінде әлі толық зерттеліп бітпеген нысандар өте көп дейді. Демек әлемде біз білмейтін талай таңдай қақтырар құбылыстар мен құпиялар ғылым дамыған сайын ашылары сөзсіз. Адам баласы бұрын соңды білмеген таңғажайыптармен алдағы уақытта ұшырасатыны анық

 

Бұл жайында Құранда не дейді?

Тіпті қасиетті Құранның өзінде біз су мен тіршіліктің арасындағы байланысты көре аламыз.

«Қарсы болғандар, негізінде көктер менен жер түйіскен еді. Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?», – делінген Әнбия сүресінің 30-аятында.

Бүгінгі таңда ғалымдар өмірдің теңізден пайда болғанын айтады. Жай молекулалар бірігіп, өздігінен көбейді. Алла Құранда бар тіршілікті судан жаратып, Жердің бетіне шығарған. Алла бәрін біледі, көреді, ал біздің міндетіміз – оқу, іздену, зерттеу, ойлану.

Өзге планеталықтарға келер болсақ, Құранда ондай тіршіліктің бары жайлы айтылған, алайда біз аяттардан олардың шын мәнісінде бар екені жайлы дәлелді әлі таппадық.

Rabbul aalameen тіркесінің өзі «Әлемдердің Раббысы» дегенді білдіреді, яғни әлемнің тұс-тұсында түрлі тіршіліктің болуы әбден мүмкін.

Құранда да Алла жаратқан түрлі тіршілік иелері жайында бірнеше аятта кездеседі.

Шура сүресінің 29-аятында былай делінген: «Көктер мен жердің жаратылуы және ондағы жәндіктердің таралуы Оның белгілерінен. Ол, оларды қашан қаласа да жинауға күші толық жетеді».

Кей ғалымдар жоғарыдағы аяттарды негізге алып, Жерден өзге планетада да тіршілік бар деген болжамға келеді.

«Ол, оларды қашан қаласа да жинауға күші толық жетеді» деген тұсына назар аударсақ, тіршіліктің кез келген түрі болуы мүмкін дегенге саяды.

Тірі дегенді білдіретін «даббах» сөзін Құран аударған Мүхаммед Асад «кез келген саналы жаратылыс деп түсіндіреді.

Осылайша, егер ғалымдар жерден тыс әлемде өмір сүретін тіршілік иелерінің бар екенін анықтаса, мұсылмандар үшін бұл айтарлықтай жаңалық болмас еді.

Әзірге дәлел жоқ…

Өзге планеталықтардың бар-жоғы жайлы нақты деректер әлі күнге дейін жоқ.

«Адамдар өзге планеталықтарды байқаусызда кездестіріп қалды» деген хабарды жиі естиміз. Алайда бұл тұрғыда талас та көп. Бірі Жердің үстінде ғарыш тәрелкелерін көргендерін дәлелдеп әлек, енді бірі олардың болмайтынын, мұның жай қиял-ғажайып екендігіне сендіріп әуре.

Бәлкім, өзге ғаламшарлықтар адамның қиялынан тууы әбден мүмкін. Әсіресе, АҚШ-та бұл тақырып кең таралған аңызға айналған.

Ғылым өзге планеталықтар жайында нақты дәлелдер келтірмеген. Алайда Әлемнің шексіздігі сонша, оны толық зерттеуге адамзаттың ғұмыры жетпеуі мүмкін. Жер де, өзге планеталар да адамзат үшін қашан да жұмбақ.

Ал ислам мұны ғылымға қалдырды. Себебі әлемді зерттеуге кіріскен адамның оның Жаратушысына да сенімі арта түседі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз