Жарнама
Жаңалықтар

Қорғаныс істері департаменті Тұңғыш Президент күнін тойлады

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Атырауда Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты жиын өтті.

WhatsApp Image 2018-12-01 at 17.29.43

Іс-шараға жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары мен Департаменттің жеке құрамы қатысты. Қатысушылар үшін Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны туралы деректі фильм көрсетіліп, көрме ұйымдастырылып, баяндамалар оқылды.

«Бізді қабырғалы берік ел еткен Елбасының кемеңгерлігі. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін тіктеп, жарқын болашаққа қол созды. Елбасымыздың арқасында мақтаныш сезімімен айтатындай жетістіктер, асқан асулар мен бағындырған жаңа белестер көп» деді өз баяндамасында Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Ақбалиев.

Жиында қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшыларының қызметі қорытындыланып, өз ісіне қосқан үлестері үшін сыйлықтар және грамоталармен марапатталды. 2018 оқу жылының қорытындысы бойынша ауыспалы жалаушаны Индер ауданы (І-орын), Жылыой ауданы (ІІ-орын), Махамбет ауданы (ІІІ-орын) иеленді. Жиын соңында жаңа оқу жылына міндеттемелер қойылды.

Айта кетейік, 2019 оқу жылына арналған жауынгерлік ұран биыл «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі» атауымен өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button