Құрманғазы ауданында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары қарқынды жүруде

opopo Жаңалықтар

Құрманғазы ауданында көктемгі су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерінің аса қауіпті учаскелерін бекіту жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өзендердің су басу қауіпі бар жағалаулары мен сағалар анықталып, осал бөгеттерді бекіту жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта ауданда су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерінің аса қауіпті учаскелеріне Шортанбай, Көптоғай және Дыңғызыл ауылдық округі аумақтары кіреді.

Атап айтқанда, Шортанбай ауылдық округінің қорғаныш бөгеттерінің 1000 метрі, Көптоғай ауылдық округінде 1500 метрі және Дыңғызыл ауылдық округінде 800 метрі аса қауіпті деп танылды.

Қазіргі таңда ауданда бөгеттерді қайта қалпына келтіру ағымдағы жұмыстарын жүргізу үшін, қажетті қаржы бөлініп, Шортанбай және Дыңғызыл ауылдық округінде жаға бекіту құрылысы жұмыстарына жауапты мердігер мекемелер анықталып, жұмыстар басталып кеткен болатын.

Аталған округтерде судан қорғау бөгеттеріне ағымдағы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы техникамен топырақ төгіліп, биіктетілуде. Сонымен қоса, арнайы қаптар топырақпен толығып, жаға бөгеттеріне орналастырылуда.

Айта кетелік, дәл осындай бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары Көптоғай ауылдық округінде де жасалады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз