Премьер-министр Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалуымен танысты

ANU 7516 Жаңалықтар

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Атырау облысындағы сапары аясында «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу барысымен танысты.

ANU_7516

Биыл мұнайлы өңірде 370 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық көрсеткіш. Қазіргі күні 37 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның жалпы аумағы 135,7 мың шаршы метрді құрайды. Атап айтқанда, арендалық жүйемен салынған 9 үй халыққа ұсынылса, алтауы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пайдалануға берілмек. Одан басқа шетелдік инвесторлардың көмегімен және несиелік жүйе арқылы тапсырылатын тұрғын жайлар бар.

ANU_7478

Үкімет басшысы жаңадан бой көтерген «Тұлпар– 2» тұрғын үй кешенінде де болып, ондағы пəтерлерді аралап көрді. Сондай-ақ, Атырауда салынатын өзге де құрылыс жобаларымен танысты.

ANU_7404

– Ең алдымен, әлеуметтік нысандарға, мектеп, балабақшалардың салынуына, сапалы тұрғызылуына маңыз берілуі керек, – деді Бақытжан Сағынтаев.

ANU_7474

Осы жылы облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жасақталуына 11,2 млрд. теңге қаралған. Оның 6 млрд. теңгесі Ұлттық қордан бағытталатын болады. Осы арқылы 21 жоба жүзеге асады. Келесі жылы Береке, Нұрсая шағын аудандарында 43 көпқабатты үй тапсырылып, тұрғындар қоныстойын тойламақшы. Оның жалпы аумағы 234 мың шаршы метрді құрайды. «Құрылыс биылғы жылдың соңғы тоқсанында басталады» деді мамандар.

ANU_7547

Үкімет басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасының ауқымында салынатын бірыңғай сәулеттік жүйедегі пилоттық жобамен де танысты. Қазірдің өзінде оған 400 жер телімі дайындалып қойылған.

ANU_7383

ANU_7423

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз