Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Оңтүстік Кореямен келісім

Келер жылы Астана қаласында өтетін халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне туристер тартуда Оңтүстік Корея көмекке келеді. «Астана ЕХРО» Ұлттық компаниясы» қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті таратқан хабарламаға қарағанда, мұндай келісімге Сеул қаласында қол жеткен.

%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%be-2017

Белгілісі, қазақстандық тараппен Оңтүстік Кореяның жетекші туроператорларымен, атап айтқанда, «Kim’s Travel Service Co. Ltd» және  «KORAIL Tourism Development Co. Ltd.» компанияларымен арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – Қазақстанға кореялық әріптестер туризм мәселелері бойынша консультациялық, ақпараттық-сараптамалық және әдістемелік қолдау көрсетеді, тіпті өз аумағында қазақстандық пакеттерді таратуды қамтамасыз етуге атсалысады деген сөз.

Іс-шара барысында «Астана ЕХРО» компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бүгінде «Самсунг» пен «Сигантек» сынды жетекші кореялық компаниялардың негізгі әріптес болып табылатынын атап өтті. «Болашақ энергиясы» тақырыбы Кореяда, әсіресе, бизнес үшін өте өзекті деп ойлаймын. Туризмге келетін болсақ, Сеулден Астанаға және Алматыға тікелей әуе қатынасы арқылы, көрме қарсаңында, яғни үш айдай уақыт бұрын 25 мыңдай адам келеді деп күтілуде. Оның үстіне, біздің мемлекеттеріміз арасында визасыз режим орнатылған» деді ол.

Айта кеткен жөн, іс-шараға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан-Корея ынтымақтастыққа ықпал ету орталығының директоры Ву Джонг Хи мен жоғарыда аталған туристік компаниялардың президенттері  қатысты.

Жапония озық технологияларын әкеледі

Астана мен Токио өзара келісімге келді. Жапонияның халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын ресми түрде растайтын құжаттың мәні – «күншығыс елінің» Қазақстанға ең озық технологияларын әкелетіндігінде болып отыр.

Көрменің өтуіне тікелей жауапты қазақстандық компания басшысы Ахметжан Есімов пен ЕХРО көрмесінің жапондық секторының комиссары Томиясу Накамура қол қойған келісім барысында, «күншығыс елі» баламалы энергетика саласындағы озық технологияларын ұсыну арқылы тәжірибе алаңын қалыптастыруға дайын екен-дігін мәлімдеді. Көрме барысында жаңа технологиялар жан-жақты әріптестік қатынастың дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

БҰҰ бізді қолдайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана ЕХРО-2017» көрмесінің базасында жасыл технологияларды ілгерілету бойынша халықаралық хаб құру» туралы идеясын БҰҰ қолдап отыр. «Бұл туралы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, яғни ЮНЕП-тің Еуропа бойынша өңірлік бюросының директоры Ян Дусик мәлімдеді» деп хабарлады бізге  «Астана ЕХРО» Ұлттық  компаниясы» қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті.

ЮНЕП-тің Еуропа бойынша өңірлік бюросының директоры Ян Дусиктің айтуы бойынша, халықаралық көрме тақырыбының «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап алуының өзі үлкен мәнге ие. Бұл тұрақты энергетикаға көшу тұрғысынан уақытылы қадам болып табылады. «Ұйымның осы тақырыпты Миландағы  ЕХРО-2015 көрмесінде ілгерілету тәжірибесі бар. Онда ЮНЕП қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық күнін өткізуге бастамашылық етті, сонымен қатар, ең тұрақты және жасыл павильон байқауын өткізді. Осындай іс-шаралар Астана қаласындағы ЕХРО-2017 көрмесінде де өтетін болады» деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы базасында ұзақ мерзімдік ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырып жатқандығын, көрме аяқталғаннан кейін де бірлескен жұмыстың    жалғасатындығын мәлімдеді.

Баян Атайманқызы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button