«Cube Day» шарасы өтті

IMG 8860 Жаңалықтар

Атырауда 31 наурызы күні түрік азаматы Джанер Оноглудың бастамасымен «Cube Day» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Атырау облысы Ішкі саясат басқарамасының Азаматтық орталығы» КММ-нің баспасөз қызметі.

IMG_9005

Шараның мақсаты – Атырау  қаласының тұрғындары арасында рубик текшесіне деген қызығушылықты арттыру, оның қыр-сырларын үйрету, интелектуалдық ойөрістерін дамыту, жаңа және заманауи жобалардан хабардар ету.

IMG_8860

29 жасқа дейінгі жастардың басын қосқан шарада түрлі мастер класстар көрсетіліп,  қатысушыларға тәтті тағам түрлері мен сусындар ұсынылды.

Айта кету керек, рубик текшесі логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланылады. Рубик текшесінің әр жағын бір түсті қалпына келтіріп, әр түрлі түзбелерді жасау керек. 

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз