«Сардарлар» сапқа тұрды

screenshot 19 Жаңалықтар

Республика күні қарсаңында №41 мектеп-гимназиясында «Жаса мәңгі, Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік кеш өтіп, оқушылар айтулы мерекенің мән-маңызын ұғып, ерекше әсерге ие болды.

Алғаш сөз алған мектеп директоры Қайырғали Азилов ел үшін орны бөлек мерекемен кеш қонақтарын құттықтап, оқушылар жырдан шашу шашты.

screenshot 21

Іс-шара аясында мектептегі «Сардар» әскери патриоттық клубы мүшелері салтанатты түрде ант беріп, клуб құрамына қабылданды. Кеш қонақтары 5546 әскери бөлімінің кинолог мамандары оқушылармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

screenshot 20

Қызығы мен қиындығы мол әскери салаға қызығушылық білдірген жоғары сынып оқушыларынан құралған әскери клубтың телефонға телмірген бүгінгі ұрпақты тәрбиелеудегі ролі зор екені күмәнсіз.

Салтанат Сансызбай

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз