Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адалдық

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында салтанатты жиын өтті. Ел игілігі жолында қажырлы еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызмет өкілдерін ұлықтаған бұл шара – кәсіби міндетін абыроймен атқарып жүрген жандарға көрсетілген құрметтің жарқын үлгісіне айналды.

0a468e6d 8c00 4267 b9d6 881107798160

Жиын Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызын бейнелеген арнайы видеоролик көрсетілді. Салтанатты рәсімде сахна төріне шыққан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мерекелік лебізін арнап, ел сенімін арқалаған сала қызметкерлеріне ақжарма тілегін білдірді.
– Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен биік міндет. Сіздер – мемлекет пен халық арасындағы алтын көпірсіздер, мемлекеттік саясаттың сапалы жүзеге асуына тікелей ықпал ететін маңызды тұлғасыздар. Күн сайын халықтың мүддесі үшін адал еңбек етіп, қоғам игілігі жолында қызмет ету – зор құрмет пен абырой. Біз мемлекет дамуының жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Бұл жолда кәсіби, әділетті, заманауи көзқарасы бар мемлекеттік қызметшілердің рөлі ерекше. Мемлекеттік қызметші әрқашан әділдік, ашықтық, парасаттылық қағидаларын басшылыққа алуы тиіс.

4070d735 cc35 4a30 a271 690f26b3a7c1

Осы орайда қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіре отырып, әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасы амандығын, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін! — деді өңір басшысы.
Салтанатты жиында бірқатар сала үздіктері лайықты марапаттарға ие болды.
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен:
Қайрат Нұрлыбаев – Махамбет ауданының әкімі.
«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен:
Алмагүл Ешекеева – облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Зияда Жоламанова – Құрманғазы ауданының бөлім басшысы, Злиха Таласбекова – Атырау қаласы мәслихаты аппаратының басшысы.
Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
Үздік Шаймарова – экономика және қаржы басқармасы маманы,
Нұрсұлтан Құрақ – Мақат кенті әкімдігі,
Ақмарал Қосымбаева – Индер аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау,
Ақтоты Балмолдина – Исатай ауданы Аққыстау округінің маманы.

4070d735 cc35 4a30 a271 690f26b3a7c1 1

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаев та әріптестерін құттықтап, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жолындағы ізденістерге тоқталды. Ол бірқатар мамандарға департамент атынан Алғыс хат табыс етіп, «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының өңірлік жеңімпаздарын марапаттады.
Марапатталғандар қатарында:
Ризабек Мұсағалиев, Ажар Қабдолова, Дәндігүл Шауқымова, Гүлсім Медетова, Жадыра Ізмағанбетова бар.
«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:
Динара Зинешова – кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы.
«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:
Хансұлу Шамұратова – Құрманғазы ауданы Ломоносов мектебінің лаборанты.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық және республикалық спорттық жарыстардың да жеңімпаздары марапатталды.

f6f43fe5 f745 4335 9b7e 9b1412118820


Облыстық Спартакиадада:
III орын – Қызылқоға ауданы әкімдігі,
II орын – Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті,
I орын – Құрманғазы ауданы әкімдігі.
Республикалық деңгейде:
2025 жылғы 12-16 маусымда Өскемен қаласында өткен Спартакиадада Атырау облысының құрама командасы командалық есепте жүлделі II орын иеленді.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған концерттік бағдарлама кештің мазмұнын тереңдете түсті. Кеш соңында Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері мен филармония әншілері бірігіп орындаған «Мемлекеттік қызметші» әні кештің шырайын кіргізіп, көрермен көңілінен шықты.

Майра ЕРҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button