Ғаламтор ғажайыбы «Атырауды» алмастыра алмайды

IMG 20181102 WA0023 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

«Қазіргі қазақ журналистикасы: Жаңа трендтер мен технологиялар». Міне, мұнайлы аймақтың алтын шежіресіне айналған «Атырау» газетінің 95 жылдығына орай өткен республикалық медиа-конференция осындай тақырыпта өрбіді.

IMG-20181102-WA0023

IMG-20181102-WA0024

Шара шымылдығын жиын модераторы «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) директоры Баязи Әбдешев ашып, жүргізіп отырды. Осыдан кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз алып, баспасөз қызметкерлері мен жиналғандарды мерейлі қуанышпен құттықтады.

Алғашқы пленарлық бөлімде «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов ғұмыры бір ғасыр бұрын басталған басылымның өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Содан соң Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, төрағаның орынбасары Мереке Құлкенов, еліміздің Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, саясаттанушы Айдос Сарым, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабаев аймақ айнасына айналған төл басылымның мән-маңызын саралады.

IMG-20181102-WA0025

IMG-20181102-WA0029

 

Атап айтқанда, радио пайда болған кезде газеттің орнын сол басатыны айтылған-ды. Кейін газетті теледидар алмастыратыны жайлы да сөз болды. Бүгінде ғаламтор ғажайыптарына сүйсінбеске амал жоқ. Әйтсе де, бұл да газет-журналдарды ақпарат кеңістігінен ығыстырып шығады деген сөз емес. Өйткені, әр басылымның өз оқырманы бар. Екіншіден, газет оқу мәдениеті ешқашан үзілмейді. Спикерлер осы жағын ерекше атап көрсетті.

Одан әрі шара секциялық бөлімдерге ұласты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашеваның жетекшілігімен өткен секциялық отырыс «Жаһандану және журналистика: уақытпен үндестік» тақырыбына арналды. Бұл бағыттағы мәселелерді «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторы Ғалым Әріп, Қазақстанның құрметті журналисі Өтепберген Әлімгереев, Ақпарат саласының үздігі Қуат Әуесбайұлы және сала ардагері Ағиба Қатешова баяндады.

IMG-20181102-WA0026

 

IMG-20181102-WA0027

 

 

Келесі «Баспасөз – қоғам айнасы» бөлімін «Атырау-Ақпарат» ЖШС әдеби редакторы Әбілхан Төлеуішов жүргізді. Онда Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторының орынбасары Ертай Ашықбаев, университет оқытушысы Бибігүл Қайыржанова, ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, Жазушылар одағының мүшесі Гүлзада Ниетқалиева баяндама жасады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз