«Нұр – Сұлтан»: Елорданың атауы өзгерді

261e85a58352298ad913fa727b5b5cdd Жаңалықтар

Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

  Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қ.Тоқаев,

Қазақстан Республикасының Президенті

Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз