
Мақат ауданына коммуналдық техникалар табысталды
Мақат ауданында абаттандыру және санитариялық тазалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы жеті техника қолданысқа берілді. Атап айтқанда, екі аралас жол тазалау машинасы, екі қоқыс тасығыш көлік, шағын жүк тиегіш қос трактор және бір авариялық КамАЗ аудан игілігіне тапсырылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Арнайы техниканы табыстау рәсіміне аудан басшысы Азамат Мамбетов қатысып, кент әкімдіктеріне беріліп отырған бұл көліктердің мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың және жергілікті атқарушы органдардың халық игілігі жолындағы жүйелі жұмысының нақты көрінісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ алдағы уақытта машиналардың
тиімді пайдаланылып, ауданның көркеюіне және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, арнайы техникалар жергілікті бюджет есебінен алынған.