Өрт сөндірушінің ерлігі

 Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Жалынды сөндіруге мамандандырылған өрт сөндіру құрамы келіп жетті. Өрт сөндірушілерге пәтерлердің бірінде адамдар болуы мүмкін екендігі ескертілді.

  Осы сәтте бөлімше командирі, старшина Қонақбай Бисешов жоғарғы қабатқа көтеріліп, әріптесі екеуі үйдің металл есігін бұзып кірді. Шындығын да үйде балалар болған еді. Старшина түтін басқан пәтерден балаларды іздеп тауып, оларды аман-есен сыртқа алып шықты. Сын сағатта сәбилердің өмірін сақтап қалған Қонақбай Бисешов Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

  «Елбасы еңбегімді елеп, марапаттап жатыр. Әрине, қуаныштымын. Бірақ, шын мәнінде мен кәсіби міндетімді ғана орындадым» дейді өрт сөндіруші.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз