КАРАНТИН: Атырауда азаматтар электронды цифрлы қолтаңбаны онлайн режимде рәсімдей алады

0 3 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы бүгін Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат Забыхан хабарлады.​

«Электронды цифрлы қолтаңбаны egov порталы арқылы алу мүмкіндігі бар. Ол үшін азамат ​ онлайн түрде өтінім бере алады. Бұл жерде онлайн операторлар видео байланыс арқылы қызмет көрсетеді.​

Электронды цифрлы қолтаңба алу үшін азаматта міндетті түрде веб камера қызметі қосылған компьютер болуы керек.

Ал, ноутбуктарда веб камера автоматты түрде орнатылған. Сонымен бірге, қызмет алу кезінде ұялы телефонның микрофонын пайдалануға болады. ​

Мамандар өтінім берушінің жеке куәлігі мен веб камерадағы суретін ортақ база арқылы салыстырады. Мұндай сақтық шаралары алаяқтық фактілердің алдын-алу үшін өте керек» деп атап өтті онлайн брифинг барысында ​ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат Забыхан деп хабарлайды ​Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Шұғыл штабы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз