Жарнама
Жаңалықтар

КТК-ның мұнай айдау стансасына дронмен шабуыл жасалды

Каспий құбыр консорциумының «Кропоткинская» мұнай айдау стансасына ұшқышсыз ұшатын аппаратпен шабуыл жасалды. Бұл ақпаратты аталған консорциум баспасөз қызметі растап отыр, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.

— 2025 жылдың 17 ақпанында Каспий құбыр консорциумының мұнай-көлік нысаны – «Кропоткинская» мұнай айдау стансасы ұшқышсыз ұшатын аппарат шабуылына ұшырады. Лаңкестік соққыны 7 ұшқышсыз ұшатын аппарат жарылғыш заттан бөлек металл зақымдағыш элементтермен жасады. Шабуыл нысан жұмысын бұзып қана қоймай, сонымен бірге станса жедел қызметкерлерін өлім-жітімге ұшырату мақсатымен уақыт жиілігін салып жүзеге асырылды, — делінген консорциум ақпаратында.

Таратылған мәліметке қарағанда, станса қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің жедел әрі ұйымдасқан жұмысының арқасында мұнай төгілген жоқ.

Шығынды бағалау және стансаның жұмысқа қабілетін қалпына келтіру уақытын анықтау үшін оқиға орнына мамандар тобы шықты.

— Қазіргі уақытта «Кропоткинская» мұнай айдау стансасы істен шығып тұр. Теңіз-Новороссийск құбырымен мұнай тасымалдау аталған мұнай айдау стансасын айналып өтіп, төмендетілген мұнай айдау режимінде жүзеге асырылып жатыр, — деп атап өтеді компаниядан.

Еліміздің Энергетика министрлігінің мәліметінше атап өтуінше, Қазақстан мұнай үшін КТК тарапынан еш шектеу жоқ. Мұнайды қабылдау штаттық режимде жүзеге асырылуда.

«Кропоткинская» мұнай айдау стансасы Кубанның Кавказ ауданында орналасқан және Ресей аумағындағы КТК-ның ірі мұнай айдайтын стасасы саналады.

Халықаралық консорциумның барлық акционері, оның ішінде АҚШ пен Еуропада компанияларының өкілдері мұнай айдау стансасына жасалған шабуыл және оның салдары жайлы құлағдар етілген.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан 1 жылда 53,8 млн тонна мұнай тасымалдағаны хабарланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button