Атырау облысы бойынша биылғы оқу жылында 196 мектепте 131 900 оқушы білім алады (+ИНФОГРАФИКА)

img 20200812 wa0039 Білім

Atr.kz/12 тамыз, 2020 жыл. Бұл туралы журналистермен өткізген брифингте Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Пандемия жағдайына байланысты 2020-2021 оқу жылын оқушылар қашықтықтан оқиды. Бірақ, ата-аналар өтінішіне орай, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады.

Облыстағы 16 693 оқушыға компьютер қажет деген облыс басшысы бұл мәселені шешу үшін жаңа оқу жылы басталғанша оқушыларға 15 246 мектеп компьютерлері қайтарымды келісіммен таратылып беріліп жатқанын айтты.

Бірінші кезекте көп балалы отбасылар мен аз қамтылған жанұяларға берілетінін айрықша атап өткен Махамбет Досмұхамбетов «3000 бала үшін интернет қажет болып отыр. Осы орайда «Қазақтелеком» АҚ-ы интернет желісін қосу жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек ұялы операторлармен келісімдер жүргізіліп, жалпыға міндетті оқу қорынан қайтарымсыз негізде 3000 роутер сатып алынуда», — деді.

117775063 1021399891628010 1714778586996394423 n
117893351 1021359031632096 6733459363323909729 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз