Туристік операторлар Атырау облысында

20160909082606 Жаңалықтар

«ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында ұйымдастырылған ақпараттық тур аясында, Ресей, Қытай, Германия және Швейцария елдерінен 75 турист және туристік операторлар Атырау облысына келді.

Сапардың негізгі мақсаты – әлемдік көрме аясында келу тізіліміне қосылған туристік бағыттармен танысу. Бұл бағыттар «ЭКСПО ұсынады» белгісіне ие болады.

20160909082606

Шолу экскурсиясында қонақтар Атыраудың көрікті жерлерімен, мәдени ескерткіштерімен танысты. Тарихи-өлкелік музей мен Достық үйіне, «Хан Ордалы Сарайшық» музей кешені мен «Сарайшық» асыл тұқымды мал шаруашылығы фермасына барды, деп хабарлады облыстық әкімдіктегі кәсіпкерлік басқармасының баспасөз қызметі.

%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d0%ba%d0%be%d0%bb%d0%bb%d0%b0%d0%b6

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз