Жаңалықтар
Каспий теңізінде жер сілкінді
15 наурыз күні Каспий теңізінде 4,2 балдық жер сілкінісі болған. Бұл туралы European–Mediterranean Seismological Centre орталығы хабарлады.
Жерасты дүмпулері Қазақстан уақыты бойынша сағат 19.35 шамасында Түрікменстан жағалауларынан 105 шақырым жерде байқалған. Мамандар оның 74 км тереңдікте болғанын айтады.
Естеріңізге салайық, теңізде бұған дейін де жер сілкінген еді. Өткен жылдың 28 желтоқсанында 16 шақырым тереңдікте 3,1 балл тіркелген болатын.