Атырауда өртке оранған үйден 60 адам құтқарылды

screenshot 20240420 210500 whatsapp Жаңалықтар

Бүгін 20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атырау қаласы «Вокзал маңы» 5-ші шағынауданы аумағында орналасқан көпқабатты үйден өрт шығып жатқанын байқап, дереу тұрғындарға көмектесуге әрекет еткен. Полицейлер 10 минуттың ішінде көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялап үлгерді.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

-Тілсіз жау кезінде қырағылықпен әрекет еткен полицейлер құлыпталып қалған 2 қарияның пәтерінің есігін бұзып кіріп, оларды да қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ, – дейді аталған департаменттің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Айта кету керек, қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз