«Ендігі міндет – тәуелсіздігімізді тұғырлы ету» дейді атыраулық депутат Сайын Қуанышев

img user file 5a66f698bfe56 0 Жаңалықтар

Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. «Елбасының өкілеттігін тоқтату жөніндегі Үндеуі – бір күндік емес әбден ойланып, сараланып қабылданған шешім. Мүмкін, оның мағынасын біз бүгін ұғына алмаспыз, бірақ, бара-бара түсінетін боламыз» дейді Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сайын Қуанышев.

         «Мемлекет басшысының мәлімдемесін тыңдаған сәтте толқу үстінде болдым. Себебі, егемен елде өмір сүрген бақытты ұрпақтың өкілімін. Кеңес заманында жоғары білім алып, ел Тәуелсіздігін аңсап, асыға күттік. Тәуелсіздік орнағаннан кейін де елдің аяққа тұрып, қандай қиыншылықты өткергенін, ондағы Тұңғыш Президентіміздің еңбегін, әр реформаның жүзеге асуын көріп, жас мемлекетіміздің дамуына мен де аз да болса өз үлесімді қостым. Біз үшін Елбасының орны бөлек.

zagruzhennoe 3
Сайын Қуанышев

    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланғанына шексіз қуанған сәтім әлі күнге есімде. Сондықтан, бүгінгі жаңалық мен үшін күтпеген жайт болды. Бірақ, әбден ойланып, толғанып, қабылданғанын анық білемін. Бір жағынан осындай шешімімен Елбасы бізге үлкен серпін бергендей. Өз сөзін әр қазақстандыққа қаратып айтып, Тәуелсіздікті жоғалтып алмауымызды тапсырды. Сол себепті, әр азамат бұл жауапкершілікті сезініп, өмірлерін жаңа арнаға бұруы қажет» деді депутат Atr.kz-мен арада болған әңгімесінде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз