ЖаңалықтарҚоғам
Карантинге қарамастан ұлының тойын өткізді
Махамбет аудандық Жалғансай ауылында әкімшілік ұйымдастыруымен мониторинг топпен бірлескен кезекті рейд шараларын өткізу барысында төменгідей заң бұзушылықтар анықталды.
Жалғансай ауылының тұрғыны А.Сармолдиев үйінің ішінде ұлының тойын өткізген, оған 30-дан астам адам қатысқаны белгілі болды, үй иесіне қатысты әкімшілі құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Әрі қарай, «Бақдәулет» азық-түлік дүкенінде дүкенші тиісті санитарлық режимды сақтамағаны анықталды, талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.