Елбасы қандай құрметке де лайық

astana at night kazakhstan 1 Жаңалықтар

        Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. «Елбасына Елорданың есімі берілуі лайықты құрмет» деді ардагер- мұнайшы, экономика ғылымдарының докторы Мағауия Шырдабаев Atr.kz- ге Берген сұхбатында.

Мен кеңестік инженерлер қатарында Ауғанстанда жұмыс жасаған адаммын. Міне, осы елде қырық жылдан бері соғыс жүріп жатыр. Қаншама халқы қырылды, экономикасы тұралады. Сонда да қырғынның соңы көрінбейді.   

Ал, Елбасы отыз жылға жетпейтін уақытта аспаны ашық, дұшпаны қашық, тасы тасы өрге өрлеген мемлекет құрды. Сарыарқаның төрінен күллі дүние жүзі таң қалғандай қала тұрғызды. Оның сәні мен салтанатын барлық нл бамшылары мойындады. Осы шаһарда әлемдік деңгейдегі ірі басқосулар өтеді.

ЭКСПО көрмесінің ұйымдастырылуы да үлкен жетістік емеспе ? Кешегі кеңестік одақтас республикалардан мұндай құрметке ие болған ешкім жоқ. Оның үстіне, кеше ел орталағынығ іргетасын қалаудан бүгінгі көркіне дейін Елбасының айқын қолтаңбасы жатыр. Ендеше, оған Мемлекетіміздің Тұңғыш Президентінің атын беру жарасымды.

Жалпы әлем елдерінде оның бірінші басшысының есімімен аталатын қалалар жеткілікті. Бұл – халықтың өзінің көшбасшысына деген қалтқысыз құрметі, риясыз разылығы. Қазақ тарихында да батырлығымен көзге түсіп, ерлігімен еленген батырларының атын ұранға айналдырмай ма? Демек, қабылланған шешім оңды. Әлем картасында тәуелсіз Қазақстан елінің пайда болуынан оның орнығуына дейін кезеңде Елбасымыздың сіңірген еңбегі зор. Сондықтан, атыраулық мұнайшылар мұндай шешімді қуана қоштайды» дейді  ардагер- мұнайшы, экономика ғылымдарының докторы Мағауия Шырдабаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз