Жарнама
Жаңалықтар

КАНАДАМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМ

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері сөз болды

– Еліміздің Тәуелсіздік алғанына жиырма бес жыл ғана уақыт өтсе де, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Мемлекет қарқынды даму үстінде. Әсіресе, соңғы жылдары өндіріс саласы алға басып келеді. Қазақстан мен Канаданың арасында достық қарым-қатынас орнап, экономикалық байланыс нығайды. Осы қатынас негізінде біздің аймақтың дамуы да алға басты. Әсіресе, мұнай-газ кешені саласында тығыз әріптестік орнаған. Бүгінде Атыраудың алты кәсіпкері осы елмен іскерлік байланыста, — деген облыс әкімі аймақта әр салаға инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Айта кету керек, Канада ауыл шаруашылығының дамуы жағынан әлемде екінші орында. Оның әрбір фермерінің жүздеген адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар. Сондықтан, бұған баса назар аударған аймақ басшысы  ауыл шаруашылығы саласында канадалық тәжірибелерді бізге де енгізіп, бұл бағытта қарым-қатынас орнатуды ұсынды.

– Әрбір адам жаңа киім мен жаңа тауар сатып алмай өмір сүре алады. Ал, азық-түліксіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан, өңірде агрокешенді жаңғырту,  облыс халқына экологиялық таза, әрі қолжетімді бағамен тауар ұсыну керек. Бұл ретте Канадамен әріптестік мүдделілікті нығайтудың маңызы зор, — деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Бұл елшінің Атырауға алғашқы сапары екен. Ол өз сөзінде екіжақты келісімді, ынтымақтастықты нығайту мақсатында өңірмен байланыс жасауға әзір екендіктерін жеткізді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, білім беру салаларында бірнеше жобалар дайындалып, байланыс артатын болды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button