20190405112727 40431

Атырауда теміржолдар жөнделіп жатыр

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. Қазір «Индер Темір Жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 40 адамды жұмыспен қамтып отыр.   

Былтыр барлығы 760 вагон жүк тасымалданған. Көлік комитетінің «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» өткен жылдың 26 маусымы мен 10 шілде аралығында жоспардан тыс тексеріс жүргізген болатын. Нәтижесінде, темір жол желісімен жүк тасымалдау тоқтатылған еді.

Тексеріс жұмыстары барысында 873 заңбұзушылық дерегі анықталып, соның 735-і ең маңызды деп тіркелді. Ал, маусым мен қараша аралығында «Индер Темір Жолы» мекемесі 71-98 шақырым теміржол желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Барлығы 4000 ағаш төсемі ауыстырылып, ретке келтірілді.

Енді биылғы жоспарда Индер-Мақат теміржол желісіндегі 5000 шпал мен жарамсыз материалдардың 20 пайызын ауыстыру көзделіуде.

Өз тілшіміз.

Индер ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған