Жарнама
Жаңалықтар

Атырау көшесіндегі “Жұлдызды аспан” шамдары алынады

Атырау қаласының Абай көшесіндегі “Жұлдызды аспан” аталатын жарық шамдар алынып тасталады.

Аталған жарық шамдары негізі жаңа жылдық көркем безендіруге арналған, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

— Абай көшесіндегі «жұлдызды аспан» аталатын жарық шамдарының пайдалану мерзімі бір жылдық (маусымдық) болып табылады. Алайда ол қала орталығында 2 жылдай уақыт қолданылды. Бүгінде жарық шамын күтіп ұстау жарамсыз болып бара жатыр. Сондықтан алынып тасталатын болады, деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Аман Латипов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button