Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көне көліктер жойылады

Ескі көлігіңіз болса, енді оны тым тәуір ақшаға айырбастауға әбден болады. «КТК» арнасы осыдан екі апта бұрын басталған жобаға ел бойынша  900-ден астам өтініш түсіп, ескі-құсқы көлігін өз еркімен өткізген азаматтарға 40 миллион  теңге көлемінде өтемақы берілгенін айтады.

1373637258618

Бір қызығы, жүрмесе де утилизация алаңына сүйреп әкелінген көліктердің басым бөлігі осыдан 30-40 жыл бұрын істен шыққан. Енді, міне, талай үйдің ауласында экспонат рөлін атқарып келген жарамсыз көліктер аз да болса, пұлданып жатыр.

Айта кетелік, утилизациялау жобасы еліміздегі автопаркті жаңарту мақсатында қолға алынған. Келер жылдан бастап, тозығы жеткен автобустар мен жүк көліктері де қабылданады. Тағы бір жаңалық, ескі көлігін өз қолымен өткізгендер су жаңа отандық автомобильді сатып алуға 315 мың теңгелік жеңілдікке қол жеткізе алады.

Баян Жанұзақова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button