110 науқас ауыр жағдайда: Атырауда бір тәулікте 300 адам коронавирус жұқтырды

snimok 5 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында аурушаңдық азайып келеді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 300 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 162 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 48 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 39 науқас, Индер ауданында – 12, Исатайда – 8, Қызылқоға ауданында – 13, Құрманғазы ауданында- 9, Мақат ауданында – 2, Махамбет ауданында – 7 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 89 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 211 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 482 адам емделді.

Қазір 8 480 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 176, екінші облыстық ауруханада – 195 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 75, кардиоорталықта – 100,
т/ж ауруханасында – 102 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 372, облыстық ауруханада – 197, жатақханада – 145, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 437 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз